Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

6-03-2023, 08:51 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 5 наурызда сағат 15.44 -те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Қапшағай су қоймасында, «Голубой залив» құмды жағажай ауданында мұз жарылып, сынған мұз кесегі жағадан алыстап бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Мұздың сынған бөлігінде  (мұздың қалыңдығы шамамен 15 см, сыртқы ауа температурасы +130) 12 адам қалған. Оқиға орнына дереу Қонаев қаласындағы жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді.

Шақыру орнына келген кезде балықшылар жағадан 30 метр қашықтықта мұздың сынған бөлігінде екені анықталды. ТЖД құтқарушылары мұздың сынған бөлігіндегі барлық балықшыларды жүзу құралдарының көмегімен жағаға эвакуациялады. Құтқарылған азаматтар құтқарушыларға алғыстарын білдірді. Медициналық көмек қажет болмады. Олардың барлығы Алматы қаласының тұрғындары екен.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын мұз асты балық аулау әуесқойларымен су айдындарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық іс-шаралар өткізеді, оның барысында оларға дауылды ескертулер туралы ақпарат беріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив