Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

2655 білім беру нысанының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді — Ішкі істер министрлігі

6-08-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Сәденов жаңа оқу жылына дайындық аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 

Басқарма басшысы барлық өңірлерде жүргізілген жол-көлік инфрақұрылымын тексерудің қорытындысы туралы хабарлады. Ішкі істер министрлігі ұсынған ұсыныстардан кейін әкімдіктердің қатысуымен қажетті қауіпсіздік элементтері: жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар, жылдамдықты шектейтін жасанды кедергілер, жол белгілері мен ақпараттық панельдер, қоршаулар мен автотұрақтар орнатылды. Құқық қорғау органдары арқылы барлық білім беру нысандары тексерілді. Қазіргі таңда білім ошақтарының 70%-ы талапқа сәйкес деп танылған. Алайда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында аталған жұмысты жандандыру қажет.

«Оқу жылы қарсаңында 26 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында республика бойынша «Абайлаңдар – балалар!» атты алдын алу шарасы ұйымдастырылмақ. Басты мақсат – балалар жарақатын азайту және балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. 1 қыркүйектен бастап патрульдер білім беру ұйымдарына жақын маңға орналастырылады. Әрбір мектеп пен колледжге учаскелік инспекторлар мен жедел уәкілдер бекітілген. Мектептер қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша сабақтар өткізеді. Оқу-ағарту министрлігі оларды ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек», — деді Ержан Сәденов.

Биыл Ішкі істер министрлігі 2655 білім беру нысанының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексерді. Оның барысында 1 мыңнан астам бұзушылық анықталып, 340 басшы жауапкершілікке тартылды. 95 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу орындары бейнебақылаумен жабдықталған. Алайда жекелеген ұйымдардағы камералардың тек 55%-ы Жедел басқару орталығына шығарылған. Ең нашар жағдай Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында. 

Жеке нысандардың 85%-ы дабыл түймелерімен жабдықталған. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары дабыл түймелерімен ең аз орнатылған аймақтарға жатады. 

Министр 700-ден астам адам оқитын ұйымдар радиобайланыспен, қызметтік қарумен және мобилді жедел әрекет ету топтарымен жабдықталған лицензиясы бар күзетшілерд жалдау керектігін атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелердің 79%-ы қорғалған. Төмен көрсеткіштер Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді.

«5 234 жекеменшік ұйымдардың 65%-ы қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы жұмыстар Жетісу, Ақтөбе, Атырау облыстарында нашар ұйымдастырылған. Күзетшілердің көпшілігі зейнеткерлердің арасынан шыққан қарапайым вахтерлер. Мұндай жағдайларда оқушылар қауіпті заттарды кедергісіз кіргізе алады. Мекеме әкімшілігі күзетке қойылатын талаптарды техникалық шарттарда көрсетуге құқылы екенін атап өткім келеді», — деді Ержан Сәденов.

Ішкі істер министрі оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктерге мектептерді қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау жұмыстарын қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсыруды, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүйелі түрде сабақтар өткізу.ді ұсынды. Сонымен қатар Министрлік балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив