Қазақстан Халықаралық волонтерліктегі позициясын нығайтуда
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанованың ДДҰ серіктестік қатынастарды дамыту жөніндегі маманы Карен Фернцлермен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы толық қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды талқылау және Министрліктің БДҰ-мен одан әрі өзара іс-қимылы болды.
2020 жылдан 2022 жылға дейін толық қаржыландыру бағдарламасы аясында тоғыз қазақстандық БҰҰ құрылымдарында волонтерлік қызметті сәтті жүзеге асырды. Биыл Түркия, Кения және Таиландта тағылымдамадан өту үшін жеті ерікті таңдалды.
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы БҰҰ құрылымдарында жұмыс істейтін қазақстандық еріктілердің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті:
«БҰҰ құрылымдарында жұмыс істейтін қазақстандық еріктілерді әртүрлі білім беру процестеріне тарта отырып, біз инновацияларды енгізуге және өзара оқытуға ықпал ететін белгілі бір ортаны құрамыз», - деді Гүлбара Сұлтанова.
Өз кезегінде, Карен Фернцлер Қазақстан Халықаралық волонтерлікті қоса алғанда, волонтерлікті дамыту бойынша орасан зор жұмыс атқарғанын және қазіргі уақытта толық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеуге волонтерлерді жіберетін Орталық Азиядағы жалғыз ел екенін атап өтті.
Сондай-ақ кездесуде Министрлік пен БДҰ-ның 2026 жылы Халықаралық волонтерлер жылына дайындық аясындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.