Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысында «Аяулы жас келін - 2024» облыстық байқауы өтті

8-08-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай Абай ауданында Ішкі саясат басқармасының «Абай Жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Аяулы жас келін 2024» облыстық келіндер байқауы өтті.

Байқау екі кезеңнен тұрды. «Ас адамның арқауы» деп аталатын бірінші кезеңде әр қатысушы өзі дайындап келген, ұмытылып бара жатқан ас мәзірін әзірлеп, тарихын, дайындалу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, дастархан жайып, бауырсақ пісіріп, самаурынға шәй қойып, қонақ күту кәдесін көрсетті. Екінші кезең шығармашылық кезең. Бұл кезең үш бөлімнен тұрды. Жас келіндер өзіндерін таныстырып, зияткерліктерін байқатып, өз өнерлерін ортаға салды. 

Аталған үш кезең бойынша келіндердің дайындығын қазылар алқасы бағалады. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Абай ауданының атынан қатысушы Мақсатқызы Ақберен, екінші орынды Үржар ауданының атынан қатысушы Тоқтамыс Мөлдір Самалқанқызы, үшінші орынды Аягөз ауданының атынан қатысушы Бекбусунова Ақбота Ерланқызы иеленді. Ал «Көрікті келін» аталымы Курчатов қаласының атынан қатысқан Жуманова Гүлнұр Мұхтарқызына, «Инабатты келін» аталымы Жарма ауданынан қатысқан Тұмарбай Айдана Ермекқызына, «Өнерлі келін» аталымы Бесқарағай ауданының атынан қатысқан Конуршина Жазира Рыспекқызына бұйырды. 

Сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінде өткізілген бөлімде «Көрермен көзайымы» аталымына  Үржар ауданының келіні - Тоқтамыс Мөлдір Самалқанқызы ие болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив