Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Бесқарағай ауданының қатысушысы «Аяулы жас келін 2023» облыстық байқауында «Шебер келін» атанды

13-07-2023, 15:04 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданында Қоғамдық даму басқармасының «Абай Жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Аяулы жас келін 2023» облыстық келіндер байқауы өтті.

Байқауға өңірдің 8 елді-мекенінен іріктелген жас келіндер, олардың қатарында Семей қаласынан — Айтқазина Ақерке Дәуренбекқызы, Абай ауданынан — Арнақызы Еркежан, Ақсуат ауданынан — Болатбекова Эльмира Болатбекқызы, Аягөз ауданынан — Вадинова Еркежан Жансерікқызы, Бородулиха ауданынан — Тулеутаева Мәдина Бейбітқызы, Бесқарағай ауданынан — Сабиева Раушан Махсуткановна, Жарма ауданынан — Галымбекова Диана Ерлановна, Үржар ауданынан — Конаева Шынар Бактыгажиевна қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. «Ас адамның арқауы» деп аталатын бірінші кезеңде әр қатысушы өзі дайындап келген, ұмытылып бара жатқан ас мәзірін әзірлеп, тарихын, дайындалу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, дастархан жайып, бауырсақ пісіріп, самаурынға шәй қойып, қонақ күту кәдесін көрсетті. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар «Жас келіннің бір күні» тақырыбында бір күндік тыныс-тіршілігін танытатын бейнематериал көрсетті. Үшінші кезең шығармашылық кезең. Бұл кезең үш бөлімнен тұрды. Жас келіндер өзіндерін таныстырып, зияткерліктерін байқатып, өз өнерлерін ортаға салды.

Аталған үш кезең бойынша келіндердің дайындығын қазылар алқасы бағалады. Байқау нәтижесі бойынша «Аяулы жас келін 2023» облыстық байқауында Аягөз ауданынан қатысқан Еркежан Жансерікқызы бірінші орынды, Үржар ауданынан қатысқан Шынар Бақтығажықызы екінші орынды, Абай ауданынан  қатысқан Еркежан Арнақызы үшінші орынды иеленді.

Бесқарағай ауданының намысын қорғаған Сабиева Раушан Махсутканқызы осы байқауда қазақ келіні болмысының шеберлігін насихаттап «Шебер келін» атағына ие болып облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив