Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем туралы ақпарат – фейк

8-08-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда барлық азаматтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.

Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуін сұраймыз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив