Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Семейде жастар күніне орай киберспорттан қала кубогі өтті

9-08-2024, 08:31 018.kz

Облыс орталығында жастар күніне арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен CS2 киберспорт ойынынан әкім кубогы өтті. 

Турнирге 8 команда қатысып, өздерінің мықтылығын дәлелдеу үшін бәсекелесті. Әр команда 5x5 форматында іріктеу кезеңдерінен өтіп, тартысты ойындар көрсетті. Жартылай финалдық кезеңге 4 команда шықты, ал финалға жеткен командалар өздерінің шеберлігін көрсетіп, көрермендерді таңқалдырды.

Турнир нәтижесінде, 1-орынды Wizard 72 квартал командасы жеңіп, әкім кубогін иеленді. 2-орынды JQ games командасы, ал 3-орынды Blackpink командасы еншіледі. Әр команда өз шеберлігін көрсетіп, керемет ойындар өткізді.

«Бұл турнир - жастардың бірлігін нығайту, жаңа достар табу және киберспорттың қаладағы дамуына үлес қосу мүмкіндігі болды. Жастарға осындай шараларды жиі ұйымдастырып, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасау - біздің басты мақсатымыз», - дейді Семей қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Елдар Мақсұтов.

Айта кетейік, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында қала жастары арасында зияткерлік ойындар мен семинар-тренинг және мерекелік концерт ұйымдастырылмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив