Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді

9-08-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 

Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға артты. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.

Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын «Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы» жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым «Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожол учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив