Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қарауыл сыртындағы Үкімет бағдарламасы бойынша берілген баспаналар қараусыз тұр

9-08-2024, 10:54 Сәтжан Қасымжанұлы

Биыл қазақтың дала қайраткері атанған аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығын дүбірлетіп атап өткен Абай ауданының халқы үшін бір түйткілді жай бар. Ол аудан орталығы – Қарауылдың сыртындағы кезінде «Бір қабатты шығыс» бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген баспаналардың кейбіреулері қазір иесіз тұр. Оған жақында жол түскен сапарымызда куә болдық. Оның тағы бір дәлелі – қоршаулары жер бауырлап құлап жатыр.

Кезекке тұрып, төзімі таусылған жұрт қарасы былай да аз емес. Ал қолы жеткен баспанасын бос қалдырып, қай қиырда жүргенін «ит білетін» отбасыларға қазір шара қолдануға аудан басшылығы дәрменсіз. Абай ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Сәлімұлы бұл келеңсіздіктің барын мойындаған сыңай танытты.

Ал, Абай аудандық тұрғын үй инспекторы Әнуар Айдархановтың айтуынша, осындай келеңсіздікке жол берген отбасыға алдымен ескерту парағы үш рет беріледі. Егер нәтиже шықпаса, заң аясында сотқа жүгінуге тура келеді. Қазіргі күнде жалға берілген бір үй бос тұр. 

2023 жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес   «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында Абай ауданының ауылдық округтеріне 2 пәтерлі  10 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жиыны 20 пәтер пайдалануға берілген екен.

Абай ауданы Қарауыл ауылы бойынша айтар болсақ, 2020-2021 жылы «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында жалпы жиыны 64 үй пайдалануға берілген.

2023 жылы «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында 2 пәтерлі  11 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміне тіркелген 6 пәтер аз қамтылған отбасыларға, 4 пәтер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, 2 пәтер баспанасы апаттық жағдайда деп танылған адамдарға және 10 тұрғын үй бюджеттік мекеме қызметкеріне берілген. (Жалпы, жиыны 22 пәтер).

Әрине, мұндай әдемі «сүйкімді» цифрларды көптеп келтіре беруге болады. Абай ауданы бойынша әлі де баспана кезегінде тұрған отбасылар жетерлік. Ал, біздің айтпағымыз – әупірімдеп қол жеткізген баспанасын қараусыз қалдыру өз алдына қоршауы етпетінен құлап жастса да оны тұрғызуға да салғырт қарайтындардың ісі. Бір қабатты, қос пәтерлі үйлердің сырт көзге сұрықсыз көрінбеуін кезкелген шаңырақ иесі дұрыс түсінуі тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив