Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Орта Азиядағы БАҚ мәселелері бойынша уәкілетті органдардың өкілдері ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мәселесін талқылады

9-08-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Орталық Азияның ақпараттық кеңістігін дамыту және ынтымақтастықты нығайту аясында Орталық Азия елдерінің БАҚ мәселелері бойынша уәкілетті органдардың Консультативтік кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Тәжікстан Республикасының телевизия және радиохабар таратылымы жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Нуриддин Саид, Өзбекстан Республикасы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының бірінші орынбасары Дилшод Саиджанов, Түрікменстан Республикасының телевизия, радио және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Аннасахет Какаев және Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің халықаралық байланыстар және инвестицияларды тарту басқармасының басшысы Нусубалы Жакыпбеков қатысты.

Кездесу барысында елдер өкілдері медиа сауаттылықты арттыру және жалған ақпараттың таралуына қарсы күрес шараларын талқылады. Медиа саладағы жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.

Күн тәртібіндегі негізгі тармақтардың бірі - Орталық Азияда ортақ ақпараттық кеңістік құру. Талқылау барысында тараптар Орталық Азия телеарнасы мен өңірлік медиа-платформа құру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Мұндай қадамдар, атап өтілгендей, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту және мәдени алмасуды ілгерілетудегі күш-жігерімізді біріктіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері өз елдерінің медиа саладағы интеграциялық процестерге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің жалпы өңірлік медиа құрылымдарды құру мен дамытудағы бірлескен күш-жігері өңір елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес болатынына сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив