Cемей-25°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
508.91 594.36 6.33

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Абай күнімен құттықтауы

10-08-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Хакім Абай -  халқымыздың ортақ мақтанышына айналған ұлы перзенті, ұлт руханиятының темірқазығы.

Ұлы ойшылдың ғибратты ғұмыры мен құнды мұраларын жас ұрпаққа дәріптеудің тағылымы мол. Себебі, хакімнің өлеңдері мен қарасөздері, өнегесі мен өсиеті - ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі» деген еді.

Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басып», «Толық адамға» тән асыл қасиеттерді бойымызға сіңірсек келешегіміз кемел, болашағымыз баянды болары хақ.

Ұлы тұлғаның ақыл-ойы мен даналығы бойымызға адамгершілік пен ұлттық рух беріп, асқақ мұраттарға жетелей берсін.

 Құрметпен, Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив