Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай есімін ұлықтауға арналған мәдени іс-шара өтті

12-08-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абайдың «Жидебай бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай есімін ұлықтауға арналған “Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй…”атты мәдени іс-шара өткізілді.

Жиынға Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев және Абай есімін ұлықтап жүрген белсенді жастар қатысты.

Заманалар ауысып, дүние дидары күнде өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген құрмет сезімі еш кемімейді. Үкіметтің қаулысымен бекітілген осы күн де соның айғағы, - деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев.

Сонымен қатар, шараға қатысқан және осыған дейін Абай есімін насихаттап жүрген мәдениет пен әдебиет саласының қызметкерлері және өнерпаздар қала әкімі атынан грамоталармен марапатталды. ​«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты әдеби квиз Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және Абай облысы төтенше жағдайлар депараментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандары, «Қазақстан халық банкі» АҚ аймақтық Семей филиалы қызметкерлері және Семей қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері арасында ұйымдастырылып, ​жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, 10 тамыз – «Абай күніне» байланысты осыған дейін Абай музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абайдың мерейтойлық өлеңдері оқылған болатын. Жазылғанына биылғы жылы 130 жыл толып отырған өлеңдерді музей қызметкерлері әлеуметтік желіде жариялап, оқырмандар тарапынан алғысқа бөленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив