Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
440.86 500.77 5.27

Семейде халықаралық жастар күні аталып өтті

13-08-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «Жастармен бірге» ұлттық декадасы Абай облысында өз мәресіне жетті.

12 тамыз - Халықаралық жастар күні. Биыл бұл мереке Абай облысында кең көлемде аталып өтуде. 

3-12 тамыз аралығында 10 күн бойы түрлі тақырыптарда жастарға арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, тазалық және қайырымдылық акциялары, жастарға арналған семинар тренингтер және декаданың қорытындысы ретінде жастарға арналған мерекелік кеш өтті.

Кеш барысында жастар мен қала тұрғындарына арналған мерекелік концерт, лоторея ойындары ойнатылды. Сол жағалаудағы көпір асты алаңында арнайы жастар үшін тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі сында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар арасында шағын футболдан турнир өтті. Жастарға көтіріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында арнайы алаңда шағын караоке орнатылып, Семей қаласының жас әншілері өз өнерлерін көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив