Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік қызметшілер волейболдан бақ сынасты

6-03-2023, 13:57 Думан Кенжеғазыұлы

8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада волейболдан ведомствоаралық жарыс өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарысты өткізудегі негізгі мақсат мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы елімізде бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ ведомстволар арасындағы әріптестік байланысты арттырып, ұжымдық рухты нығайту көзделді.

Сайысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің құрама командалары қатысты. Бұл ретте ойынға тек нәзік жандылардан жасақталған командалар ғана шеберлік байқасқанын айта кеткен орынды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің өкілі Гүлжаһан Үсенованың айтуынша, мұндай сайыстар мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмірді насихаттауға және құзырлы органдар арасындағы берік ынтымақтастықтың орнауына септеседі.

«Еліміздің мемлекеттік қызметшілері отандық бұқаралық спорттың дамуына өз үлестерін ұдайы түрде қосып келетінін айта кетейік. Оған осы волейболдан ұйымдастырылған жарыс дәлел. Бұл арқылы ұжымдарда корпоративті мәдениет күшейіп, мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынас тек нығая түседі деген сенімдеміз»,- деді Г.Үсенова.  

Тартысты доданың нәтижесінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрама командасы үздік үштіктен көрінді. Сондай-ақ тұғырдан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Әділет министрліктерінің арулары орын алғанын атап өткен жөн. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив