Белсенді азаматтық ұстаным қажет - Гүлжанат Рахатқызы
Абай облысының №8 сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гүлжанат Рахатқызы халықты 19 наурызда өтетін сайлауда белсенді азаматтық ұстаным танытып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Гүлжанат Рахатқызы еліміздегі саяси реформалар жалғасып жатқанын атап өтті.
«Қазір еліміз геосаяси жағдайды бастан өткеріп жатыр. Сайлау процесіне де бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы уақытқа дейін Мәжіліс пен мәслихат тек партиялық тізім арқылы жасақталатын. Ал қазір әлеуметтік теңдік орнап, партиядан бөлек мажориталды жүйе енгізіліп отыр. Бұл дегеніміз ел үшін еңбек етемін дегендерге үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Сондай-ақ осы жолғы үміткерлер арасында әйелдердің де үлесі басым», - деді ол.
Гүлжанат Рахатқызы, сайлаушыларға кандидаттар мен партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен мұқият танысуға, жан жүрегі қалайтын азаматтарды таңдауға және сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауға шақырады.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Тағыда оқыңыз
Партиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Сайлау 2023: Ақпараттық хабарламаҚазақстанда Халықаралық әйелдер күнінде гендерлік стереотипке қарсы науқан басталды