Абай облысында мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын атап өтті
Абай облысында мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бүгінде Комитет елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда маңызды рөл атқара отырып, салық және кеден салаларындағы негізгі міндеттерді орындайды.
Іс-шарада салық және кеден органдарының ардагерлері көп жылғы қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамоталары, мерекелік медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер комитетінің ерекше көзге түскен қызметкерлері органдардың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев өзінің құттықтау сөзінде салық экономиканың маңызды саласы екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен салық және кеден қызметтерін, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметтерін біріктіру жолымен құрылған болатын. 2022 жылғы 11 шілдеде Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құрылды. Қазіргі таңда Департаментте 19 басқарма, 12 аумақтық басқарма жұмыс істейді.