Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Мемлекет басшысы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен жүздесті

14-08-2024, 20:03 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен әңгімелесті.

«Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокоп ауыл шаруашылығы кәсіпорынында 245 жергілікті тұрғын жұмыс істейтінін айтты. Шаруашылық негізінен дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ картоп егумен айналысады. Директордың айтуынша, агробірлестіктің техникалық паркінде John Deere, Buhler, CLASS, Lovol, Valtra, РСМ, Acros маркалы заманауи шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар, астық жинайтын комбайндар бар. Бүгінде шаруалар егін жинау науқанына сақадай сай.

 Президентке жергілікті тұрғындар ауылда жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ауылды дамытуға және шаруаларды қолдауға айрықша мән беретінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив