Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

15-08-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Өңірде ведомстволық бағынысты 306 денсаулық сақтау субъектісі медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабаев баяндады.

- Облыс бойынша 3 581 стационарлық төсек-орын бар. Олардың ішінде 3 092 мемлекеттік болса, 489 мемлекеттік емес мекемелерде орналастырылған. Бүгінде облыстағы медициналық ұйымдарда 9 500 білікті маман қызмет атқарады. Осыған орай біз психоневрологиялық аурулары бар балалардың стоматологиялық ауруларын  емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгіздік. Сондай-ақ, былтырғы жылы 21 бала 22 082 219,68 теңге сомасына арнайы тамақпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілді, - деп атап өтті басқарма басшысы.

6 ай ішінде өңір бойынша барлығы 4475 бала дүниеге келген. Былтырғымен  салыстырғанда көрсеткіш 296 балаға азайған.

- Балалар өлімінің деңгейі бойынша жағдайды жақсарту үшін денсаулық сақтау басқармасы олардың  алдын алу, аурушаңдықты, мүгедектікті және өлім-жітімді төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жыл басынан бері 1 603 034 мың теңге сомасына 131 бірлік техника сатып алынды, - деді спикер.

Ауылдық жерлер мен  елді мекендерде  халыққа медициналық қызмет көрсетудің  қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыста 9 көмек көрсету орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, 6 айдың қорытындысы бойынша жылжымалы мобильді кешендердің қызметімен қамтылған халық саны – 22 668 адамды құраған.

- Абай облысында «Ауылды аймақтарда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2024 жылдарға 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салу жоспарланған. Оның шініде 15 - дәрігерлік амбулатория, 10 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 40 - медициналық пункттері салныбақ. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде, оларды пайдалану ағымдағы жылдың соңына дейін табысталмақ, - деп қорытындылады Талғат Молдабаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив