Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Бас мүфти зиялы қауым, ерікті жастар және қоғам белсенділерімен кездесті

16-08-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Семей қаласындағы алаштың алғашқы оқу ордасына арнайы келіп зиялы қауым және қоғам белсенділері, ерікті жастарымен кездесті. 

Ең алдымен 120 жылдық тарихы бар Алаш арыстары білім алған бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж тарихымен танысты. Білім ордасының директоры Шағангүл Алдамжарқызы тарихи ғимаратты аралатып, көне жәдігерлерді көрсетті.

Білім ордасының үлкен залында «Дәстүрге беріктік – жат ағымнан сақтанудың кепілі» тақырыбында кездесу өтіп, Бас мүфти кездесуге келген жастарға насихатын арнады.

Кездесу соңында белсенді жастар түрлі сауалдарын жолдап, Бас мүфти арнайы жауап берді. Колледж директоры ризашылығын білдіріп, сапарына сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив