Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Алматыда Өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты басталды

16-08-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

15 тамызда Орталық стадионда өрт-құтқару спортынан ұлдар мен жасөспірімдер арасындағы XIII әлем чемпионатының және қыздар мен жасөспірімдер арасындағы IX әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарысқа қазақстандықтардан басқа Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары қатысты. Сонымен қатар, бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері келді.

Салтанатты іс-шараны ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов ашты. Чемпионаттың ұйымдастырушылары мен қатысушыларын құттықтай отырып, ол алдағы іс-шара жоғары деңгейде өтетініне және құтқарушы спортшылар үшін нағыз мереке болатынына сенім білдірді.

Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының президенті Александр Чуприян, Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының Атқарушы комитетінің директоры Андрей Калинин, сондай ақ жарыстың бас төрешісі Сергей Бакиров құттықтау сөздерін сөйледі.

Атап өту қажет, елімізде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты алғаш рет өткізілуде.

Әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде командалар кедергілері бар жолақтың 100 метрін еңсеріп сайысқа түседі.

Келесі күндері Үшіншісі - 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы.

Төртіншісі - өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю бойынша сайыстар өтеді.

Қазақстанда аталған санаттағы спорттық  іс-шара үшінші рет өтуде. 2014 жылы әлем біріншілігі алғаш рет Алматы қаласында және 2021 жылы Қарағанды қаласында өткен. Айта кетейік, елімізде ұлдар мен қыздар,  жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаттары алғаш рет өткізілуде.

Өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын өткізу әртүрлі елдердің азаматтық қорғау органдары саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив