Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Абай облысында көмір 8 теміржол тұйығында сатылады

17-08-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында «Алдағы жылыту маусымында көмір тасымалдау» мәселесі қаралды. 

Облыстағы «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ, «Қаражыра» АҚ және жергілікті операторлармен өткізілген кездесулерде көмірдің уақтылы жеткізілуі талқыланды. Қазіргі уақытта аймақта 8 теміржол тұйығы көмір сатумен айналысуда, күніне 5 вагон тұтыну көмірі тасымалданады.

- Жеткізу 1 шілдеден басталды. Тұрғындар қыркүйек-қазан айларында көмір тапшылығына жол бермеу үшін алдын ала дайындалуда. Қоймадан босату бағасы тоннасына 14 700 теңге, көмірдің сапасы жақсы, - деді Знаменская тас жолы бойындағы көмір қоймасының бастығы Нұрбек Нұрбеков.

Мамандар көмір бағасына мониторинг жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын атап өтті. Тұрғындарға жылыту маусымында көмір тапшылығын болдырмау үшін жаз айларында көмір сатып алуға кеңес берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив