Бас мүфти Семейдегі тарихи мешіттерге зиярат жасады
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі ғасырдан аса тарихы бар қос мешітті аралап көрді.
Діни басқарма төрағасы ең алдымен қаладағы 1908 жылы салынған Бір мұнаралы тас мешітке келді. Облыс имамы Асқар Әбітайұлы тарихи қалпын сақтап, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан мешіттің қазіргі тынысын баяндап өтті. Бүгінде көне мешіттің кілемін ауыстыру, ішін ағарту, сырлау жұмыстары жүруде. Аз уақытта жамағатқа есігін қайта ашады деді имам.
Кейін Бас мүфти бастаған қонақтар 1842 жылы екі қабатты құлшылық үйі 500 адамға шақталған. Екі ғасырға жуық тарихы бар мешітте де жаңарту жұмыстары жүруде. Имамның сөзінше Алла үйі өзінің тарихи келбетін толық сақтап қалады деді.
Зиярат барысында Асқар Әбітайұлы қаладағы жөндеу жұмысы аяқталып, жаңарған мешіттер жөнінде есеп берді.
Айта кетейік бүгінде Семейде 17 мешіт жалпы саны 120 діни қызметкер бар.