Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

17-08-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді.

Мәдениет күндері аясында бірқатар ірі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

2024 жылғы 20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді.

22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.

Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив