Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.49 601.07 6.47

Қазақстан СІМ-де миссиясы аяқталған Финляндия Елшісімен кездесу өтті

20-08-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко дипломатиялық миссиясы аяқталған Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханистті қабылдады.

Тараптар қазақ-фин байланыстарының белсенділігін, сондай-ақ Сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысын атап өтіп, әріптестікті одан әрі тереңдету ықыластарын білдірді.

Р. Василенко іскерлік байланыстарды ұлғайтудың және құқықтық базаны кеңейтудің, сондай-ақ Суомидің алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығын және келесі жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын ескере отырып, Еуропалық одақ пен ЕҚЫҰ желісін қоса көпжақты мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимылды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Р. Василенко фин дипломатына конструктивті өзара әрекеттестігі және Қазақстан-Финляндия қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. С. Мякеляйнен-Буханисттің Қазақстандағы жұмысы жоғары бағаланып, оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеудің атынан алғыс хат табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив