Жолсеріктер 3,7 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тапсырды
Ұлттық тасымалдаушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау шараларын белсенді түрде жалғастыруда.
2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалдары 3,7 мың тонна қалдықты жинап, қайта өңдеуге жіберді. Олардың ішінде 2,3 мың тонна қағаз, 748 кг пластик, 650 кг шыны, сондай-ақ, 2 мыңнан астам сусындардың темір банкілері бар.
Қалдықтар қайта өңдеу ресурстарымен айналысатын кәсіпорындарға тапсырылды. Бұл қоқыс алаңына түсетін қоқыс көлемін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ, экологиялық жүктемені төмендетіп қана қоймай, елдегі «жасыл» экономиканың дамуына ықпал етеді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бағдарламаларын жетілдіріп, компания қызметкерлері мен жолаушыларды экологиялық жауапкершілікке үйретуде. Жолаушылар пойыздардағы арнайы контейнерлерді пайдалана отырып, осы бастамаларға белсенді қатыса алады.