Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

«Жазғы волонтерлер мектебі – 2024» бастау алды

20-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Ақмола облысы Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің ұйымдастыруымен «Жазғы волонтерлер мектебі – 2024» бастау алды.

Мектептің ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова қатысты.

Шараның мақсаты – волонтерлік қозғалысқа қатысушылардың бейіні мен жеке әлеуетін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарынан келген волонтерлер қоғамдастығының өкілдерінің өзара әрекеттесуінің бірыңғай өрісін қалыптастыру.

Жазғы мектепке қатысуға кемінде бір жыл тікелей волонтерлік қызмет атқарған волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың, волонтерлердің аймақтық фронт-кеңселерінің үйлестірушілері шақырылды. Жалпы алғанда оған 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан волонтерлер қатысуда.

Іс-шарада волонтерлік негіздері, жобаларды жоспарлау, волонтерлік командаларды құру, өзара әрекеттестік желісі мен көшбасшылық, сондай-ақ, бюджеттеу және жобаларды ақпараттық қолдау тақырыптары бойынша тренингтер өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив