Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Абай облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілуде

22-08-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті мен облыстық әкімдік бірлесе отырып кадр комиссиясының отырысын өткізді. Онда кандидаттарды облыстық кадр резервіне қабылдау, сондай-ақ құзыреттілігіне қарап бағалауда үздік нәтиже көрсеткен үміткерлермен сұхбат жүргізілді. Комиссия жұмысының нәтижесінде резервке енгізуге ұсынылатындардың тізімі жасалады.

Өңірлік кадр резервін құру Мемлекет басшысының тапсырмасы және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – өңірлердегі кадр тапшылығын азайту, мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту. Іріктеу индустрия мен өнеркәсіп, экономика мен қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, цифрландыру және экология сияқты бірнеше негізгі бағыттарда жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив