Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қала әкімі Водный кентінің тұрғындарымен кездесті

22-08-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Абай облысының энергетика және ТКШ басшысы орынбасарының м.а Алтынбек Адилбековпен бірлесіп, Водный кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

2023 жылы Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерін салу жұмыстары басталды. Бұл бағдарлама «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері»ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жобада Водный және Восход кенттерінде ұзындығы 36 км су құбыры желілерін салу көзделген, жобаны іске асыру нәтижелері бойынша тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Кездесу барысында тұрғындар су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген "AKM Invest Group" ЖШС ұйымына шағымданды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша мердігерлер құдықтың қақпағына сапасыз материалдарды қолданған. Салдарынан бірнеше люк қақпағы сынып жатыр.

Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов люк қақпақтарының сапасына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, қала әкімі мердігерлерге 1 қыркүйекке дейін барлық люктарды мұқият зерттеп, олардың бетін сенімді түрде жабуды тапсырды.

Айта кету керек, биыл Водный кентінде Семипалатинская және Республиканская көшелерінде профилдеу жұмыстары жүргізіліп, 4 жаңа аялдама бекеті орнатылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Автодромная және Семипалатинская көшелерін жарықтандыру жұмыстары да қолға алынбақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив