Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Елордада «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» атты көрме өтті

7-03-2023, 08:58 Думан Кенжеғазыұлы

Бейбітшілік және келісім сарайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» тақырыбында көрме өтті.

Мақсат - Еуразияның бай тарихи-мәдени мұрасын таныстыру, мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайту және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бастамаларын насихаттау.

Көрменің ашылуына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Н.Назарбаев орталығының басшылығы, белгілі қоғам қайраткерлері, Сенат депутаттары, сондай-ақ, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдер қатысты.

Министр Дархан Қыдырәлі өз сөзінде түркі халықтары әйелді ерекше қадірлеп, оларды өмір сыйлаушы, дәстүрді сақтаушы ретінде құрметтегенін айтып, олардың әсемдігіне көрік берген зергерлік бұйымдардың сан алуандығы түркі халықтары мәдениетінің бір бөлігі деп атап өтті.

«Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі 27 наурызға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив