Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты халықаралық фотокөрме ашылды

24-08-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме ашылды.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Creative & Innovation Institute» Орталық Азияның тұрақты даму Қоғамдық Қоры ұйымдастырды.

Көрмеге қазақстандық Анзор Гасаев пен Александр Кузнецовтың, сондай-ақ британдық Конор Макнейл мен венгриялық Шандор Карачонның бірегей кадрлары қойылған.

Көрмеде көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөлейтін керемет пейзаждар мен портреттер, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен таңғаларлық фотосуреттер ұсынылды.

Сондай-ақ, көрме қонақтары қазақтың киіз үйінің инновациялық эко-жобасын, дәстүрлі және заманауи технологияларды қатар қолдану арқылы киіз бен жүннен жасалған бірегей бұйымдарды тамашалай алады.

«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» көрмесі Астана қ., Сығанақ көш., 60/5 мекенжайы бойынша өтіп жатыр. Көрме 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив