Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Білім беру саласындағы электрондық оқулықтарға қойылатын талаптарды анықтайтын жаңа стандарт енгізілді

24-08-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда СТ РК ISO/IEC TR 18120-2023 «Ақпараттық технологиялар. Оқу, білім беру және дайындық. Білім берудегі электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар» атты жаңа ұлттық стандарт күшіне енді. Бұл стандарт электрондық оқулықтарды әзірлеу және пайдалану бойынша бірыңғай талаптарды құруға бағытталған. Сондай-ақ білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

ҚазСтандарттың бас директоры Еркежан Әмірханованың айтуныша:

Жаңа  стандарттың  негізгі мақсаты – білім беру ортасындағы электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны тиімді пайдалану үшін бірыңғай тәсілді анықтап, білім беру процесінің тиімділігін арттыруды көздейді.

Стандартқа сәйкес, электрондық оқулықтар оқушыларға, мұғалімдерге және оқытушыларға мәтінді түсіндіруге, бетбелгілер, ескертпелер және гиперсілтемелерді қосуға, сондай-ақ мәтіннің маңызды бөліктерін белгілеуге мүмкіндік беруі керек. Сондай-ақ пайдаланушылардың өздері үшін маңызды емес мазмұнның бөліктерін «қысқарту» мүмкіндігі болуы маңызды, бұл жеке оқытуға мүмікндік береді. Күрделі қаріптерді ұнататын пайдаланушылар үшін қолмен жазылған аннотациялар қосу қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңа стандарт электрондық оқулықтардың әртүрлі мультимедиялық және интерактивті элементтерді қолдауды талап етеді. Бұл оқу материалымен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейтеді және оқытуды анағұрлым қызықты және тиімді етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив