Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.01 640.34 6.52

Әзербайжан әскери қызметшілері Қазақстанның Бітімгерлік операциялар орталығымен танысты

26-08-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен Әзербайжан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Керим Велиев бастаған делегация Бітімгерлік операциялар орталығының оқу мекемесінде болды.

Шетелдік қонақтар орталықтың қызметімен және инфрақұрылымымен, оның лингвистикалық, инженерлік, медициналық және бітімгерлік даярлық жөніндегі зертханаларымен және оқу сыныптарымен танысты.

Әзербайжандық әріптестер бітімгерлердің техникасын, қару-жарағын, байланыс құралдары мен құрал-жабдықтарының үлгілерін көрді. Қонақтарға әскери қызметшілердің тосқауыл бекеттерінде бітімгерлер ұйымдастырған шартты қарсыласқа шабуыл жасау іс-қимылдары, базаны мина атқышпен атқылау іс жүзінде көрсетілді. Бұдан басқа жаяу патрульдің, жедел әрекет ету тобының елді мекенді қоршау, эвакуациялау және тазарту кезіндегі іс-қимылы да көрсетілді.

Шетелдік қонақтар бітімгерлік контингент әскери қызметшілерінің материалдық-техникалық базасын және жауынгерлік даярлық деңгейін жоғары бағалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив