Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Біздің оқушылар IGeO-2024-те еліміздің қоржынын тағы 4 медальмен толықтырды

26-08-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты.  Біздің команда 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды:  Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;  Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;  Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;  Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.  Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.  Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!

 Анықтама үшін: IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив