Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

316 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен сапар шекті

26-08-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға, оның ішінде арба қолданатындарға арналған арнайы купесі бар 95 вагон пайдаланылады. Мұндай вагондарда жолаушылардың арбамен вагонға кіріп шығуына мүмкіндік беретін көтергіш құрылғылар орнатылған.  

Арнайы купеге билеттерді вокзалдардағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан немесе https://bilet.railways.kz/ сайты арқылы сатып алуға болады. Билеттерді рәсімдеу үшін ЖСН және мүгедектігін растайтын құжатты ұсыну қажет. Арнайы купелерде мүмкіндігі шектеулі жандар жеке немесе қасында ертіп жүрген адаммен бірге сапар шеге алады.  

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купесі бар коммерциялық және «Тальго» пойыздарында барлық мүгедектік топтар үшін, сондай-ақ, оларды ертіп жүрген адамдарына билетке 50% жеңілдік беріледі.  

Арнайы купеде екі жататын орын, тұтқалар мен төмен орналасқан раковина орнатылған жуыну бөлмесі бар. Сондай-ақ, арнайы жиналмалы тұтқалар, шектеу құрылғысы, құлаудан сақтайтын қолдаушы белдіктер қарастырылған. Купе жолаушының өздігінен орын ауыстыруына мүмкіндік беретін қосымша белдіктермен және төтенше жағдайларда жолсерікті шақыру батырмасымен жабдықталған.  

Арнайы купенің техникалық жағдайы пойыздың рейске шығуына дейін әр сапар алдында тексеріледі. Техникалық қызмет көрсетуді мамандандырылған компания жүзеге асырады.  

Жолаушылар вагондарының жолсеріктері мен пойыз бастықтары мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы оқытудан өтеді.

Вокзал қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға пойызға отыру және шығу кезінде көмек көрсетеді.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив