Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстанда 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды

26-08-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.

26 тамызда 1,5 млн гектарда дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, орташа өнімділігі 17,9 ц/га болатын 2,7 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар бастырылды.

Көкөніс дақылдары 52,7 мың гектардан жиналып, өнімділігі 250,6 ц/га құрап, 1,3 млн тоннадан асты. Бақша дақылдары - 81,6 мың га алқаптан жиналып, өнімділігі 250,4 ц/га құрап, жалпы алым 2 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері бақылауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив