Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Семей қаласында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде

27-08-2024, 09:00 Сабина Әлібек

Бүгін Абай облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен оқу жылының басталуы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Мектеп оқушылары қоғамдық келісім орталығы – облыстық  Достық үйіне жиналып, оларға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары табысталды. Акция Абай облысының  ҚХА қоғамдық институттары, этномәдени бірлестіктер мен кәсіпкерлерінің қолдауымен өтті.

Дәстүрге айналған шара биыл Мақаншы ауданынан басталып, Үржар, Жарма, Бесқарағай аудандарында жалғасын тапты. 

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындалуға материалдық қолдау көрсету.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив