Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы бастауын алды

21-08-2023, 08:19 018.kz

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің барлық аумағында «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өтуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін аталмыш акция Абай облысында да бастауын алды. 

Абай облысы мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов республикалық қайырымдылық акциясы аясында Жарма ауданындағы көп балалы отбасыларынан  шыққан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар ұсынды. Жарма ауданындағы Шар қаласы, Қалбатау, Сұлусары, Шалабай, Әуезов ауыл балаларына мектепке қажетті кеңсе тауарлары салынған мектеп сөмкелері табысталды.

«Жаңа оқу жылына барлық бүлдіршіндер дайын болуы қажет. Партия бастамасымен жыл сайын өткізілетін бұл акцияның басты мақсаты – көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпағымыздың біліміне байланысты» - деді Қуаныш Серқазыұлы.

«Баланы мектепке дайындайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 13-ші мәрте өткізіліп отыр. Акцияға партия белсенділері, атап айтқанда партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және ұрпақ болашағына бей-жай қарай алмайтын қарапайым азаматтар әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасыларынан  шыққан,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке қажетті оқу-құралдары мен киім-кешектерін алып  беріп, бүлдіршіндерді жаңа оқу жылына даярлап, көмектерін беріп, жомарттық танытуда.

Айта кетейік, «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы бес жылда партия кемінде 1,2 млн ыңғайлы оқушы орнын құруды, сондай-ақ үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін толығымен шешуді көздейді. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толықтай жетілдіруден өтеді. 

Ел аумағындағы 45 мыңнан астам бала аманаттықтардан жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар алады деп жоспарланып отыр.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив