«Тарбағатай» ұлттық паркі: бұл біздің аю емес
Әлеуметтік желіде әлдебір жабайы аюдың жайлауға шыққан малшының сиырының жон терісін жұлып алғаны және бірер адамның ат үстінде оны ұстай алмай жүргенін көрсететін видео тарады. Бейнежазбаны жариялаған желі қолданушысы оқиғаның Абай облысы, Үржар ауданы аумағында орналасқан «Тарбағатай» Ұлттық паркі» қорығында болғанын айтады.
Алайда, аталған мәселеге хабарласқанымызда аталған парк басшылығы бұл көріністі жоққа шығарды.
- «Тарбағатай Ұлттық паркі» үш ерекше аймаққа бөлінеді. Біріншісі туристік демалыс орындар, екіншісі қорықтық жерлер, үшінші шаруашылық аумақ. Иә, парк аумағында аю бар. Оны қаумалап, қамап ұстап отыру мүмкін емес. Ал мал баққан ағайын кейде төрт түлігін бақылауда ұстап отыра алмайтыны шындық. Сол кезде қорық аумағына енгенде малы жазым болады. Аюды атуға болмайды, бірақ, шаруашылық иелеріне үнемі айтып, түсініктеме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Желіде тараған жыртқыш аюдың біздің паркке қатысы жоқ. Бұл ескі видео. Оқиға Алтай аймағында болса керек. Биылдықта қырдағы елдің малын қырған жағдай орын алған жоқ,- дейді «Тарбағатай» ұлттық паркі директоры орынбасарының міндетін атқарушы Рауан Смайылов.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІБаянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбат