Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.01 640.34 6.52

Жастар арасында «Uly dala saryny» сыйлығына байқау басталды

28-08-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда «Fenomen Jas» жобасы аясында «Uly dala saryny» сыйлығы беріліп жатыр.

Жобаның мақсаты – табысты жастар өкілдерін насихаттау және үздік жастар ұйымдарын ынталандыру.

Байқауға еліміздің 14 пен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы тұрғындары мен қоғамдық қызметте табысқа жеткен жастар ұйымдары қатыса алады.

Байқауға өтінімді келесі номинациялар бойынша беруге болады:

«Үздік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – 2024»;

«Үздік қоғамдық қызметкер – 2024»;

«Үздік жастар ұйымы – 2024»;

«Жастар үні – 2024»;

«Үздік медиа – тұлға – 2024».

Өтініштер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Толығырақ:
https://www.instagram.com/fenomenjas?igsh=OXUzYmo1aTM0ZnBj

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив