Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

​​350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды

28-08-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.

Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив