Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Дөңгелек үстелде балалар мен жастар арасындағы экомәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды

28-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

«Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстанның экологиялық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Оған экомәдениет пен отбасылық қатынас саласындағы сарапшылар, педагогтар және эко белсенділер қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мемлекеттік саясат деңгейінде экологиялық бастамаларды қолдау маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстанда жастардың көбі экологиялық мәселелерге қызығушылық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған акцияларға қатысып, экологиялық жағдайды жақсартуға арналған инновациялық жобалар мен идеяларды әзірлеп жатқанын көріп жүрміз. Бұл өте қуантарлық жағдай. Алайда мұнымен тоқтап қалмау керек. Біз бұл қызығушылық пен құлшыныстың мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, дамуына барлық жағдай жасауымыз керек», - деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Қазақстандықтар ұйымдастырған экобастамалардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы. Акция аясында ел тұрғындары 900 000 тонна қоқыс жинады. Күн тәртібінде экологиялық тәрбие мен білім беру мәселесі тұр. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас бұл жерде сарапшылардың да, ата-аналардың да, балалардың да ұстанымы маңызды екенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, жас ұрпақ «жасыл» білім мен тәрбиені іс жүзінде алуы тиіс. Осындай жобалардың бірі Қостанайда сәтті жүзеге асып жатыр. «Эколандия» лагерінде балалар органикалық егіншілікпен айналысады, күн батареяларын жинайды, қоқыстарды сұрыптайды және т.б.жұмыстар атқарады. Жақын арада жобаны елордада іске қосуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, кездесуде Экологиялық Қор «Экомектеп» оқулығын ұсынды. Кітап 1-4 және 5-9 сынып оқушыларына арналған. Онда практикалық кеңестер мен нұсқаулар бар. Кітапты дайындаған мамандардың айтуынша, оқулықтың мазмұны балалардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, қатысушылар экологиялық тәрбиені күшейтуге және жас ұрпақтың тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив