ТЖМ-де 3000-нан астам ару қызмет атқарады
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті.
Министр салтанатты жиында өз тағдырын азаматтық қорғау органдарында қызмет етуге, төтенше жағдайға тап болған жандардың өмірін құтқаруға және қорғауға арнаған қиыншылыққа толы қызметін жақындарына деген қамқорлықпен, бала тәрбиесімен және отбасының жайлы қамын жасаумен қатар алып жүрген барлық әйел-әріптестерін құттықтап, алғысын бідірді.
Сонымен қатар министр бүгінгі күні азаматтық қорғау органдарында 3 000-нан астам әйел адам ер азаматтармен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында қызмет атқарып жүргенін атап өтті.
Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін және халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай министр 183 қызметкерді марапатталды, оның ішінде «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен – 34, ТЖМ құрмет грамотасымен – 1, грамотамен – 32, алғыс хатпен – 43. ТЖМ 57 қызметкеріне 57 алғыс жариялады.
Салтанатты шара министрліктің барық аумақтық және ведомстволық бөлімшелерінде де өтті, онда да ТЖМ нәзік жанды арулар марапатталды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.