Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай ауданында шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

29-08-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары биыл аудан бойынша шабындық жерлердегі шөптің түсімі мол екенін айтады.

Қатаң мал азығын дайындау үшін аудан бойынша шөп шабу науқанына 9 ауылдық округтен 108 шөп шабу бригада қатысып, оның 3-і Бесқарағай ауданынан шөп шабуда. Жиыны 207 трактор, 348 жұмысшы, 91 автомашина жұмыс істеуде. Биылғы аудандық жоспар 130 мың тоннаның қазіргі уақытта 72,9 мың тоннасы дайындалды, бұл 56,1%-ды құрайды. Науқан қазан айына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Алдағы уақытта ауданның әлеуметтік осал топ отбасыларына ауылдық округ әкімдігімен меморандумға отырған бригадалар тиімді бағада қыстық мал азығын түсіріп береді. Биыл шөптің түсімі мол болғанынан 1 түк шөптің бағасы 600-750 тг көлемінде, бұл былтырғы бағамен салыстырғанда 40%-ға төмен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив