Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.38 531.63 5.27

Газбен жабдықтау, өндіруші қуат көздері мен су қоймаларын салу: Үкіметтің инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі шаралары

29-08-2024, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

 Үкімет басшысы Олжас Бектенов өз сөзінде инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды.

«2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарға төрт негізгі бағыт бойынша 204 жоба кірді. Олар энергетика, көлік, цифрлық инфрақұрылым және сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын қамтиды. 14 ГВт электр қуатын беретін жобалардың тізбесі қалыптастырылды, газбен қосымша 1 млн адам қамтылатын болады, ал тауарлық газ өндірісі жылына 50%-ға – 34,7 млрд текше метрге дейін ұлғаяды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қосымша жаңа өндіруші қуат көздерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Павлодар, Атырау, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында бірқатар энергетикалық нысанды жаңғырту көзделген.

Жыл басынан бері энергия қуаты резервін құру үшін Жамбыл және Ақмола облыстарында ЖЭК 3 нысаны іске қосылды.

Өткен жылы қолданысқа енгізілген жаңа тарифтік саясат 6 мың шақырымға жуық инженерлік желілерді жөндеу үшін 267 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Бұл желілердің тозуын орта есеппен 3,2%-ға төмендетті. Биыл 6,5 мың шақырым инженерлік желіні жаңғырту үшін шамамен 336 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр, бұл тозу деңгейін тағы 3%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

2024-2029 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражаты үнемделіп, осы саладағы жобаларды қаржыландыру көздері кеңейтілді.

9 су қоймасын реконструкциялау жұмыстары басталды. Сондай-ақ 5 жаңа су қоймасын салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған шығындарды субсидиялауды 50%-дан 80%-ға ұлғайту көзделген. Биылғы мамыр айынан бастап суармалы суды нормативтен тыс тұтыну тарифіне +20% арттыру коэффициенті күшіне енді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив