Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Кәсіподақтар федерациясы АЭС салу бастамасын қолдауға шақырды

30-08-2024, 10:54 018.kz

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы еңбек ұжымдарын атом электр станциясын салу бойынша референдумда дауыс беруге шақырды.

«Ұйымымыз құрамында 2 миллион мүшесі бар елдегі кәсіподақтардың ең ірі бірлестігі саналады. Біз – өндірістің қалай жұмыс істейтінін, экономиканың дамып келе жатқанын және қолжетімді энергияның қандай мәнге ие екенін білетін еңбек адамдарымыз. Осы күзде маңызды таңдау жасауымыз – атом электр станциясын салу бойынша референдумда дауыс беруіміз керек. Осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Біріншіден, біздің кәсіпорындар тұрақты, қалыпты және арзан электр энергиясына мұқтаж. Қолжетімді энергиясыз тиімділік жоқ. Демек, компаниялардың кірісі мен еңбек ұжымдарының игілігі болмайды. Екіншіден, федерация экологиялық және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту қажеттілігі идеясын ілгерілетіп жатыр. Бұл қызметкерлердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын дүние жүзінде миллионға жуық адам жұмыс орнында ауаның ластануынан қайтыс болады. Шығарындылар мен қалдықтарсыз жаңа буын электр станциясын салу – бұл экологиялық таза және жоғары технологиялық кәсіпорындарға алғашқы және негізгі қадам. Баламалы көздер есебінен энергетикалық проблеманы шешуде бізді халықаралық кәсіподақ қозғалысы да қолдайды», - делінген үндеуде.

Федерацияның атап өтуінше, үшіншіден, АЭС-тің пайда болуы жоғары жалақысы мен сенімді әлеуметтік кепілдіктері бар мыңдаған сапалы жұмыс орындарын құрады. Станция жоғары кәсіби мамандарды тарту, серпінді білім мен даму үшін нақты мүмкіндіктерді тарту нүктесіне айналады.

«Жалпы, атом электр станциясын салу туралы шешім – прагматикалық қадам. Еліміз әлемдегі ең ірі уран өндірушісі болып табылады, мыңдаған қазақстандықтар осы индустрияға жұмылдырылған. Өзіміздің уран әлеуетімізді толық іске асырып, жеке энергетикалық хабымызды құру арқылы өндірістік циклді аяқтайтын кез келді. Біз жобаның әлеуеті мен сенімділігіне сенеміз. Қазіргі заманғы технологиялар өте алысқа кетті. Олар станциядағы әрбір жүйені қорғауды қамтамасыз етеді және іс жүзінде адам факторын болдырмайды. Біздің дер кезінде қабылдаған шешіміміздің бағасы – электр энергиясын өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өсіміне, сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Атом өнеркәсібінің дамуының арқасында біз енді ешқашан басқа елдерге және энергетикалық ауытқуларға тәуелді болмаймыз. Сондықтан біз еңбек ұжымдарын Қазақстанда АЭС салу туралы бастаманы қолдауға және өздерінің азаматтық ерік-жігерлерін көрсетуге шақырамыз. Өз кезегінде, Кәсіподақтар федерациясы АЭС құрылысын салу мен оны пайдалану отандық компаниялар мен мамандарға барынша пайда әкелуін мұқият қадағалайтын болады. Біз осы тарихи жобаны іске асыруда азаматтық жауапкершілікті қолдаймыз», - деп атап өтеді федерациядан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив