Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Көлік құралдарын әкелуге қатысты ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды

30-08-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелері («ҰАТ» АҚ электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы) мен ЕЭК Кеңесінің («Электрондық паспорт» АҚ, РФ) шешімімен айқындалған электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге а.ж. 29 тамызында қол қойылды.

Аталған ақпараттық өзара іс-қимыл 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатын болады, бұл:

1. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар негізінде ғана ресімделетін электрондық паспорттармен алмасу.

2. Автокөлікті тіркеу, ЕАЭО құқығымен белгіленген кез келген шектеулердің болуы туралы ақпарат алмасу, мысалы, тек Ресей Федерациясында тіркелу, бұл біздің азаматтарға ЕАЭО елдерінде автокөлікті сатып алғанға дейін алдын ала тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

3. «Авто конструкторлардың» қазақстандық нарығына немесе техрегламент талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ айдап әкетуде есептелетін автомобильдерге қолжетімділікті шектеу.

Бұл ретте ұлттық заңнаманы және ЕАЭО құқығын ескере отырып, Қазақстанның ұлттық жүйесінде жеке тұлғаның жеке пайдалану үшін үшінші елдерден әкелінген екінші автомобильге электрондық паспортты ресімдеу мүмкіндігі шектелетін болады, бұл автомобильдердің көлеңкелі айналымының көлемін едәуір төмендетеді және біздің азаматтарды олардың құқықтарына қысым жасауға бағытталған күмәнді мәмілелерден қорғайды.

Аталған келісімге қол қою халықаралық міндеттемелерді бұзбай, автомобильдерді Қазақстанға заңсыз әкелуді шектеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, ІІМ-нің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына ережелермен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу жоспарлануда:

- а.ж.  1 қыркүйегінен бастап ҚР аумағында өндірілетін және заңды тұлғалар ҚР аумағына әкелетін көлік құралдарын тіркеу туралы, тек «ҰАТ» АҚ жүйесінде ресімделген электрондық паспорттар болған кезде ғана (бастапқы тіркеу);

- «ҰАТ» АҚ жүйесінде ресімделген электрондық паспорттар болған жағдайда ғана жеке тұлғалар ҚР аумағына 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әкелінетін көлік құралдарын тіркеу туралы (бастапқы тіркеу). 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив