Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Конституция күні қарсаңында Қазақстанның әр аймағында «Адал Азамат» принципі талқыланды

30-08-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Конституция күніне орай, Қазақстанның түрлі өңірлерінде «Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі: Заң және Тәртіп» тақырыбында 70-ке жуық дөңгелек үстел өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өткен іс-шараларға жетекші сарапшылар, омбудсмендер, адам құқықтары жөніндегі уәкілдер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Негізгі тақырып ретінде қоғам мен мемлекет өмірінде адалдық, әділдік және азаматтық белсенділіктің маңызын көрсететін «Адал азамат» принципі талқыланды.

Сарапшылар конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін қарастырды. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» ұғымы талқыланып, оны қоғамдық өмірге енгізу бойынша нақты қадамдар ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив