Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Asyl Mura: энциклопедиялық анықтамалығының биыл үшінші томы жарық көреді

22-08-2024, 16:58 018.kz

Өткен  күннің үнсіз куәгері тарихи-мәдени ескерткіштер бағзы заманнан сыр шертетін ұлттың байлығы, тарихи жадысы. Төл тарихымызға қатысты дүниелердің ерекше маңызды екендігін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан: «Біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Оны жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге және барынша дәріптеуге қажетті жағдай жасауымыз керек», деген сөзінен көреміз .

Тарихи-мәдени, оның ішінде ғасырлар қойнауынан келе жатқан мәдени жәдігерлерді  қорғау, оларды есепке алу, зерттеу және насихаттау жұмыстары бүгінде аса маңызды. Себебі, келер ұрпаққа руханият дүниесін сіңіру ұрпақ алдында борыш һәм парыз. Материалдық мәдениеттің археологиялық түріне жататын сан алуан ескерткіштерді халық игілігіне жаратудың қажеттілігі елімізде қолға алына бастаған және үлкен мән беріліп отырған ішкі және сыртқы туризмнің дамуымен тікелей байланысты. Осы орайда, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің «Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның коне ескерткіштерімен, тарихи орындарынан танысудан басталатыны мәлім» деген сөздері еске түседі.

Мәдени ескерткіштерді еліміздің әр өңірі бойынша есепке алып, оларды жан-жақты зерттеу үлкен маңызға ие. Оларды зерттеудің нәтижесінде тарихи жәдігерлерге тіл бітетіні, үлкен тарихтан сыр шертетіні мәлім. Міне, осы айтқан ойлар тұрғысынан алғанда «Даналық» қоғамдық қорының дайындаған еңбегінің   маңызы зор.

Жоба барысында 2022 жылдан бері жарық көріп келе жатқан “Asyl Mura: энциклопедиялық анықтамалығының” биыл үшінші томы шығарылуда. Мәдени ескерткіштерге арналған энциклопедияның үшінші томының атауы “Asyl mura: мәдени ескерткіштер”  энциклопедиялық анықтамалығы III том. Бұл анықтамалық энциклопедияда еліміздің барлық өңіріндегі тарихи-өлкетану мұражайлары туралы және сол мұражайлардағы ерекше жәдігерлер туралы ақпараттар жинақталған.

Тарихи-мәдени, оның ішінде ғасырлар қойнауынан келе жатқан әртүрлі маңызды жәдігерлерді қорғау, оларды есепке алу, зерттеу және насихаттау жұмыстары бүгінде аса маңызды. Себебі, келер ұрпаққа руханият дүниесін сіңіру ұрпақ алдында борыш һәм парыз.

Ғылыми-танымдық осы энциклопедия, жұртшылықты еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерге кіретін мемориалдық нысандармен жан-жақты таныстыра отырып, олардың туган ел, өңір тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға үлес қосатынына сенеміз. Аталмыш еңбек осынысымен де құнды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив