Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Биыл Абай облысында 45 мыңнан астам ағаш отырғызылды

2-09-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында абаттандыру жұмыстары белсенді жалғасуда. 2024 жылы 65 000 көшет отырғызу жоспарланса, оның ішінде 45 323 ағаш отырғызылды, бұл жоспардың 69,7 % құрайды.

- Күзгі егіс жұмыстарына қарай біз жоспарды 100% - ға дейін іске асыруды көздеп отырмыз. Өткен жылы 74 950 көшет отырғызылып, жоспар толығымен орындалды, — деп атап өтті Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ақмырза.

Семей қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында қала көшеттерін есепке алудың ақпараттық жүйесі құрылуда. Бұл мақсаттарға бюджеттен 45 миллион теңге бөлініп, жобаны 2024 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс аумағында, оның ішінде «Семей орманы» орман резерватының аумағында облыс тұрғындары 135,5 мың ағаш және 8,6 мың бұта отырғызды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив