Экономика өскен сайын халықтың әл-ауқаты жақсармақ
Бүгін ҚР Президентінің Халыққа жолдауы жарияланып, халықтың игілігіне бағытталған басымды бағыттар ерекше аталып өтті.
Бүгінде инфляция деңгейі 2,5%-ға төмендеп, өнеркәсіп деңгейі артты.
Жаңа инвестициялық кезеңді бастаудың уақыты келді. Елдегі инвестициялық климат жақсартылуы үшін құрылған инвестициялық штаб белсенді жұмыс жасауы тиіс. Ауылдың даміына инвестиция тартуда түгел әкімдер қатыспай отырғаны айтылды.
Қазақстанда банктік жүйенің жұмысын реттейтін нормативтік құжат қайта қаралып, екінші деңгейлі банктердің табысы мен салық салу жағдайы дұрыс шешілуі қажет. Үкімет Ұлттық банкпен біріге отырып нақты шешім қабылдауға тапсырма берілді.
Бюджетаралық қатынастарды қайта қарауымыз керек. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай отыр. Ол ел дамуын тежейтіні белгілі. Дефицитті жабудың компенсациялық мезанизмін әзірлеу керекпіз. Экономиканың дамуы тек мемлекеттік бюджетке ғана тікелей байланысты болмауы керек.
Үлесі 7%-ды құрап отырған ШОБ үлес салмағын 2029 жылға қарай қарқынды өсіруге тапсырма берілді.
Жаңа Салық кодексі әзірленіп, өте түсінікті, қысқа да нұсқа құрылуы керек. Салықтық әкімшілендіруде салықтық қарыз бойынша шара қолдану тек қарыздың көлеміне ғана қатысты болуы керек. Осы ретте енді бизнес өкілдерінің банктік шоттары бұғатталмайтын болады. Салық саясаты толық электронды жүйеге көшуі керек.
Экономика өскен сайын халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік жағдайы өсетіні белгілі. Ең бастысы, салынған қаражат ел игілігіне жұмсалуы керек!
Shakarim University қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Оразгалиева Арайлым